Ғылыми жобаның өзектілігі: Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік тіл. Тілсіз ешқандай мемлекет болу мүмкін емес. Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі барлығымызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады. Жас ұрпақ бойында адами-мәдени құндылықтарды адамзаттық құқықтық сананы, тілдік тағылымдарды, ұлтаралық татулық пен сыйластықты нығайтуды этнолингвистикалық тұрғыда дамыту сияқты ұлтық әлеуметтік қағидаларды қалыптастыруда мемлекеттік тіл жетекші рөл атқаруы тиіс. Қазіргі білім беру ең алдымен дара тұлғаға бағытталады, оқушының коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін дамытумен ұштасатындықтан және оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық жағын, рухани адамгершілік, эстетикалық, мәдениетін дамыту мен қалыптастыру болғандықтан, жаңа білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары осы тұлға дамытушы мүддені көздеуге тікелей қызмет ететіндей етіп құралуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік тіл ретінде оқылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды.

Қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленумен шектелмейді. Ең алдымен, қазіргі қазақ тілінің ахуалының өзі, оның дамуы мен баюына байланысты проблемаларға ғалымдардың, мамандардың айрықша көңіл бөлуін қажет етеді.

Sample title
Ғылыми жобаның мақсаты:

Мемлекеттік тіліміздің аяқ асты болуынан алшақ болу, яғни, ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру, ана тіліміздің мәртебесін көтерудің жолдарын қарастыру.

Sample title
Ғылыми жобаның міндеттері:

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты және қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі мен қызметі;
- Тіл мен сөйлеу қарым-қатынасы және қазіргі қазақ қоғамындағы тіл мен сөйлеудің өзекті мәселелері;
- Қазіргі таңдағы қазақ тілінің хал-ахуалы;

Sample title
Ғылыми жобаның негізгі нәтижесі:

Жобадан күтілетін негізгі нәтиже қазақ тілінде берілетін жарнамаларда кездесетін қателерді жою, сонымен қатар жарнама тілін бір жолға қою.

Sample title
Ғылыми жобаның жаңашылдығы мен маңыздылығы:

Тілдік қатынас пен мемлекеттік арасындағы байланыс, өзара ықпалдастық тілде жатыр. Яғни, тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл арасындағы байланыстың негізгі көзі – тіл. Тіл болған жерде сол тіл арқылы қарым-қатынас орнайтын болса, ендеше сол тіл мемлекет тіл болып есептеледі. Біздің еліміздегі мемлекеттік тіліміз – өз ана тіліміз қазақ тілі. Ендеше біз қазақ тілі арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз, өзара түсінісеміз.

Sample title
Зерттеу әдістері:

Талдау, зерттеу, аудару. Методологиялық зерттеу, салыстыру, анализ жасау әдістері.

Sample title
Жобаның сипаттамасы:

Қазір жас мемлекетіміздің негізгі заңы талқыға түсуде. Осы тұрғыда көкіректе жүрген ой көп. Соның бастысы, еліміздің егеменді екендігін айғақтайтын мемлекеттік тіліміздің, яғни қазақ тілінің керек екендігі.
Әлемдегі қандай да бір ұлттық мемлекетті ұлттық тілсіз елестету қиын. Солақай саясат пен тыңшылық тірліктің тынысымызды тарылтқанын көрдік. Сондықтан Қазақ мемлекетіне ең алдымен қазақ тілі керек.

Бизнес-жоспар

Loading...

Loading...