Sample title
Жобаның мақсаты:

Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай облысы төңірегіндегі танымал әндерді жинақтау арқылы «Тобыл-Торғай өңірінің танымал 100 әні» әндер жинағын дайындау.

Sample title
Жобаның міндеттері:

1. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тобыл-Торғай өңірінің танымал әндерін жинақтап, нота бетіне түсіру;
2. Қостанай еліне кеңінен танылған әндердің авторлары жайлы мәліметтерді бір орталыққа жинақтау;
3. Жастар арасында Тобыл-Торғай өңірінің әндерін кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

Sample title
Күтілетін нәтиже:

Жоба нәтижесінде «Тобыл-Торғай өңірінің танымал 100 әні» атты әндер жинағы жарық көрмек.

Sample title
Жоба ерекшелігі:

Жинақта әндердің нотасы тек қана қарапайым түрде берілмей, синтезатор аспабында ойнауға лайықталуда. Онымен қоса, кейбір әндер вокал мен фортепиано аспабына, кейбірі домбыра аспабына өңделуде.

Презентация

Loading...

Видео